Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 мамыр – Отан қорғаушы күні

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі.

Отан қорғаушылар күні - «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы»Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке.

Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бүгінде ҚР Отан қорғаушылар күні - мемлекеттік мереке және күнтізбеде ресми түрде демалыс күні ретінде белгіленген. Сондай-ақ мерекенің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының тиісті Заңында бекітілген.

Қазақстандық әскери қызметшілерге қатысты бірер күн бұрын белгілі болған жағымды жаңалық, келер жылдан бастап әскери атақ үшін төленетін жалақы 30 пайыз өседі.

Сондай-ақ, жыл сайынғы дәстүрге сай Мемлекет басшысы биыл да бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.

Айта кетсек, Қорғаныс министрлігі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күніне орай әскери шерудің өтпейтінін хабарлаған еді. Оған себеп – бюджет қаражатын үнемдеу. Дегенмен, ведомстводан аталған мейрамға орай, әскери-патриоттық іс-шаралардың жоспарланғаны мәлім етілді.

Еске салайық, 5 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүкілармиялық кеңестің отырысы өтті.
07 мамыр 2023 ж. 299 0