Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 6 адам келді, 1 азамат өтінішін онлайн байланыс арқылы жеткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша көмек сұрады.
Аудан басшысы алдағы уақытта қабылдауда көтерілген мәселелер зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, келген азаматтарға мемлекеттік интернет ресурс www.enbek.kz  сайтына тіркелу арқылы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарын қарауға болатындығын түсіндіріп, ауданға қарасты мекемелерден жұмысқа сұраныс болған жағдайда бірінші кезекте өздеріне ұсынылатынын жеткізді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 мамыр 2023 ж. 232 0