Бала – біздің болашағымыз
Арал ауданында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке ұсынылуда.
Аудан орталығындағы демалыс саябағында бүгінгі мерекенің лайықты жалғасы болған «Бала біздің болашағымыз» атты аудандық фестиваль өткізілді.
Ашық аспан астында өткен фестивальде аудан өнерпаздары ұлттық жырдан шашу шашып, жас бүлдіршіндер мың бұрала билеп, өнерлерін жиналған жұртшылыққа паш етті.
Осылайша балалардың бүгінгі төл мерекесі көңілді концертпен қорытындыланды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі