Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы өнім базар сөрелерінде

Алғашқы өнім базар сөрелерінде

Қосжар ауылдық округі маңындағы Майшығыр өңірінде қияр дақылының алғашқы өнімі алынды. Өңірлік өнім жақын арада аудан дүкендерінде сатылымға шықпақ.
Қосжарлық жеке кәсіпкер Елтай Төреханов заманауи тәсілдерді ұштастыра отырып, жалпы көлемі 18 гектар аумаққа түрлі көкөніс және бау-бақша дақылдарын орналастырған болатын. Оның ішінде, 2 га қияр, 1,5 га қызанақ, 0,5 га асқабақ, 4 га қауын және 10 гектар аумаққа қарбыз еккен. Алқап тамшылатып суару жүйесін қолданады.
Бүгінде диханның көктемдік еңбегі ақталды. Голландиялық қияр тұқымының Авелла F1 сортын өсірген кәсіпкер бүгіннен бастап ауылішілік азық-түлік дүкендерде аталған өнімді 200 теңгеден сатылымға шығарған. Ал өзге аймақтардағы базар сөрелеріне бұл өнім 350 теңгеден ұсынылмақ. Өнім толық алынған соң бағаны төмендету жоспарлануда.
Сондай –ақ, алдағы бір аптада қарбыз бен қызанақтан алғашқы өнім алу жұмысы басталмақ.
Тұрғынның бұл кәсібі ауданды жергілікті өніммен қамту саясатын ұстауда септігін тигізуде.

"Толқын" ақпарат
15 маусым 2023 ж. 127 0