Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Астана күнімен құттықтады

Аудан әкімі Астана күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Есілдің бойына ел қондырған бүгінгі астанамыз – тәуелсіздіктің төл тарихы, ұлттың ұйытқысы, құт қонған мерейлі мекен!
Бүгінде елдің төрі – Астанамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірліктің ордасы болды. Елорда әлемдік сәулет өнерінде қала мен даланы үйлестіре білген, күллі әлемге жаңа бейбітшілік пен келісім орталығы ретінде танылды. Ол бүгінде озық идеялардың, жаңа ғылыми-инновациялық шешімдердің, дүниежүзілік диалогтардың, ең үздік архитектуралық үлгілердің алаңына айналды.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Бас қаламыз күннен-күнге қарыштап дамып, көркейе бергей! Қазақ елінің көк байрағы көгімізде желбірей берсін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ
06 шілде 2023 ж. 457 0