Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құттықтау
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді  еліміздің мерейлі мерекесі – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сәулеті мен сәні айшықталған, айбыны асқақтаған елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды. Тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Қазіргі елорда – саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы болып отыр. Бүгінгі таңда аралдықтардың арасында да еліміздің бас қаласына табан тіреп, күллі жаһан көз тіккен шаһардан бақытын тапқан жандар баршылық.
Асқақ Алатау төсінен Сарыарқадай ұлы далаға қоныс аударған бас қала бүгінде уақытпен үндесе бой түзеп, әлем қызыққан қалаға айналып отыр. Күн санап көркейген  қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсті. Оған қай-қайсымыз да тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен қайталанбас қолтаңбамызды қалдырғанымызды біле жүруіміз керек.
Ардақты ағайын!      
Жаңғырған, жаңарған астанамыз – еңселі елорда мерекесі құтты болсын! Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін. Еліміз аман, Егемендігіміз еңселі болсын!

Ізгі ниетпен,  Арал ауданының әкімі С. Сермағамбетов
06 шілде 2022 ж. 809 0