Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.
14 тамыз 2023 ж. 158 0