Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан көлемінде сенбілік өткізілді

Аудан көлемінде сенбілік өткізілді

Аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың тапсырмасына орай облыс көлемінде ұйымдастырылған сенбілікке аралдықтар да атсалысты.
Арал қаласында және барлық кент пен ауылдық округтерде ұйымдастырылған тазалық шараларына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен тұрғындар қатысты. Мекеме ғимараттары, әлеуметтік нысандар, орталық көшелер маңы қоқыстардан тазартылып, әктеу-сырлау жұмыстары да жүргізілді.
Сонымен бірге қала бойынша бөлінген 8 секторда сенбілік өткізіліп, ретсіз жатқан қажетсіз заттар тиісті орындарға жеткізілді.

"Толқын" ақпарат
20 тамыз 2023 ж. 177 0