Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы зерделенді

Ғимараттардың кіре-берісінен бастап, бу қазандықтарына дейін зерделеген жұмысшы топ кейбір нысандардың өртке қарсы дабыл қондырғыларында ақау барын анықтаса, кейбірінің бу қазандығы орналасқан ғимаратта өзге де тұрмыстық тұтыну заттары қойылғандығын сынға алды.
Сондай-ақ, нысандардағы жылу жүйесіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары, отын қорының көлемі мен олардың алдағы жылыту маусымына жеткізілуі де пысықталды.
Зерделеуден кейін топ мүшелері міндетті оқу қорынан бөлінетін қаражаттардың мақсатты жұмсалуы мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын "Мектепке жол" республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясының орындалу барысын нақтылады.
Қорытындысымен аралау барысында кемшіліктер анықталған мекеменің басшыларына 2 күн мерзімде ретке келтіру тапсырылды.
Әлеуметтік нысандардың әзірлігін зерделеу алдағы күндері де жалғасатын болады.


