Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі күнге ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгінгі күнге ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерінде қар жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с, күндіз кей жерде 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде көктайғақ байқалады. 
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, кей жерде екпіні 30 м/с күшейеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. 
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман байқалады
.
baq.kz/news​​​
13 ақпан 2019 ж. 1 096 0