Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым облыстарының кей жерінде қар жауады, батыс, солтүстік-батыста және орталық Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Алматы облысында кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 17-22 м/с, жекелеген ауданында екпіні 28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының күндіз кей жерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын,  күндіз кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде көктайғақ, Түркістан облысының күндіз кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
baq.kz
12 ақпан 2019 ж. 757 0