Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін құжат - Президент

Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін құжат - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ата заңымыздың әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана елде әділдік пен заң үстемдігі орнығады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз бүгін Конституция күніне орай арнайы жиналдық. Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады.

Баршаңызға мәлім, былтырғы референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға қолдау көрсетті. Ата заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бәрі мемлекет басқару моделін жаңғыртуға негіз болды.

Реформа жасау кезінде ең алдымен құқық қорғау саласына баса мән берілді. Конституциялық Сот құрылды. Омбудсмен институты және прокуратура органдарының мәртебесі артты. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түсті. Реформаның нақты нәтижесі бар», деді Президент адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында.
29 тамыз 2023 ж. 189 0