Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік саладағы атаулы көмек

Әлеуметтік саладағы атаулы көмек

-Атаулы әлеуметтік көмек: (2019 жылдың 1 қаңтарына)
Есепті кезеңге 40699 адамға(7706 отбасы) 1835,0 млн. теңге атулы әлеуметтік көмек төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2720 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның 1107-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1366 адам қоғамдық жұмыстарға, 44адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 38 адам жастар тәжірбиесіне, 165 адам қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.
- Тұрғын үй көмегі: 7664 отбасына 383, 2 млн.теңгеге төленді
- Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасы аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін бір мыңнан астам жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 33,2 млн. теңгеге 54521 түскі ыстық тамақпен қамтылды.
- Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 34181 адамға 1267,0 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 37 адамға -7,1 млн. теңгеге;
- Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлеріне - 75 адамға - 9,0 млн. теңгеге;
- ҰОС жылдарында кемінде тылда 6 ай жұмыс істеген азаматтарға - 5132 адамға - 370,3 млн. теңгеге;
- Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 599 адамға - 43,2 млн. теңгеге;
- Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – 264 адамға- 19,0 млн. теңгеге;
- Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқан 526 адамға – 38,0 млн. теңгеге;
- Совет Армиясының мүгедектері – 75 адамға – 5,5 млн. теңгеге;
-саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 197 адамға - 1,4 млн. теңгеге;
- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 28 азаматқа 1,7 млн. теңгеге;
- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1503 адамға қосымша тамақтануға 208,1 млн. теңгеге;
-лейкоз және анемиямен ауыратын 48 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 8,6 млн. теңгеге;
- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 1070 мүгедек балаға 57,8 млн. теңгеге;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 12 отбасына 4,3 млн.теңгеге;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 515 студентке білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 261,2 млн. теңгеге;
-ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 24100 маманына отын сатып алуға 231,8 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
15 ақпан 2019 ж. 1 155 0