СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке аудандағы ауыз сумен қамту, суды тиімді пайдалану, көлдер жүйесін сақтау мен каналдарды тазарту, т.б су шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан шаралар барысын баяндады.

Мұнан соң, министр «Көкарал» бөгетінің жағдайын көрді. Онда Нұржан Молдиярұлы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Арал теңізінің солтүстік бөлігінің тұздылығын азайту мақсатында Тұщы, Сарытерең, Қарашалаң-1, Қарашалаң-2 каналдарына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар нәтижесінде 1500 гектардан аса шабындық аумақты суландыруға және Кіші Арал теңізін суға толтырып, теңіз суын тұщытуға мүмкіндік туындауда.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі