Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал мәселесі қоғамдық кеңесте қайта қаралды

Арал мәселесі қоғамдық кеңесте қайта қаралды

Бүгін Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде кіші Аралды сақтау жобасының екінші кезеңі, облыста Сырдария суын пайдалануды реттеу, субсидиялау және су шаруашылығы мәселелері қаралды.

Студенттер сарайында өткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Құрманбаев, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының басшысы С.Нұрымбетов, «Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясы» қоғамдық қорының директоры Болат Бекниязов, сала ардагерлері мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Нұрхожаев кіші Аралдың Солтүстік бөлігін сақтап қалу оның 1,2,3 компоненттерімен оған ұсынылған жобалар және Сырдарияның суын реттеу бойынша баяндамасын ұсынды.

Сонымен қатар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев қатысушылардың бірқатар сауалдарына, нақтырақ айтқанда Арал-Сырдария бассейніндегі су шаруашылығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту жобалары бойынша, «Өңірлік дамыту және Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру» жобасын іске асыру механизмдері, Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы мен суды үнемдеу технологияларын жетілдіру және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты қойған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Кеңес отырысында қатысушылар кіші Арал мәселесінде ұсынылған компоненттердің тиімділігі мен аймақтың су мәселесін ретке келтіруде жан жақты ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.
kyzylorda-news.kz
13 желтоқсан 2022 ж. 380 0