Арал ауданында жәрмеңке өтті

Алтын күздің тоқшылық меркесіне кент және ауылдық округтерден 1,5 тонна ет, 300 литр шұбат, 5 тонна балық және 25 бас қой әкелінді.
Бұдан басқа, аудандағы балық өңдейтін 6 кәсіпорыннан барлығы 6 тонна балық және балық өнімдері, өңірдегі ірі 4 шаруа қожалығынан 1,2 тонна ет және «Аралтұз» АҚ-ы 2 тонна ас тұзы сатылымға шығарылды.
Барлығы 20-ға жуық көлікпен 30 тоннадан аса ауыл шаруашылығы өнімдері келді. Ауданның дихандары мен тауарөнідірушілері жеміс-жидек, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары, ет және балық өнімдерін Арал қаласының тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынды.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі