"Құрметті азамат" атағы табысталды

Құтмамбетов Әбжами - 1949 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1970 жылдан бастап Қызылорда облыстық атқару комитетінің баға бөлімінің экономисті, аға экономисті,
Қызылорда облыстық сауда басқармасының қалалық тамақ сауда мекемесінің директоры және облыстық сауда басқармасы бастығының орынбасары, облыстық атқару комитетінің сауда және тұрмыстық қызмет көрсету бөлімінің бастығы. Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Тасбөгет кентінің әкімі, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
"Толқын" ақпарат