Құрылыс саласы ардагеріне "Ауданның құрметті азаматы" атағы берілді

Мәртебелі дәрежені куәландыратын төсбелгіні аудан басшысы Оразғали Құлмырзаевқа салтанатты түрде табыс етті.
Құлмырзаев Оразғали - 1946 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1971 жылдан бастап «Көпір құрылысы-62» мекемесінде құрылыс шебері, құрылыс прорабы, мекеме бастығы, «Мостовик» кооперативінің және «Арал құрылысы» жауапкерлігі шектеулі серіктесінің директоры қызметін атқарған. Жалпы жұмыс өтілі 49 жыл.
"Толқын" ақпарат