Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат мекемесінің директоры тағайындалды

Табиғат мекемесінің директоры тағайындалды

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының 2022 жылғы 30 маусымдағы №47 бұйрығымен Жылқайдаров Әмірқұл Романқұлұлы басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» МКК директоры қызметіне тағайындалды.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Марат Құрманбаев, Әмірқұл Жылқайдаровтың республикалық деңгейде түрлі салаларда мол тәжірибе жинап, абыройлы қызмет еткенін жеткізіп, алдағы міндеттерін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Әмірқұл Жылқайдаров – «Инженер-құрылысшы-технолог», «Экономист», «Заңгер» мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын 1983 жылы «Қызылордақұрылыс» тұрғын үй комбинатында шебер, цех меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары жеке секторда, еліміздіегі ірі компанияларда жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ аймақтағы құрылыс саласына да елеулі еңбек еткен. 2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облыстық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы, 2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2012-2013 жылдар аралығында Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты Астана филиалы директорының орынбасары. 2017 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ-ы Бас директорының кеңесшісі лауазымында болды.
Облыстық мәслихаттың ІІ және ІІІ шақырылымының депутаты, «Құрмет орденінің» және «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы.

kyzylorda-news.kz
01 шілде 2022 ж. 635 0