Көрме-байқауға аралдық кәсіпкер қатысты

Ай-Аружан тігін орталығы 2010 жылдан бері өз жұмысын бастаған. Содан бері аралдықтардың көңілінен шыққан тігін шеберханасында 18 адам еңбек етіп отыр. Олардың арасында мемлекеттік бағдарлама «жастар тәжірбиесімен», «күміс жаспен» жұмыс істеп жатқандар бар.
2021 жылдан бастап түйе жүн көрпесін тігумен кәсіпкердің аты Қазақстанға белгілі бола бастады десек артық болмас. Түйе жүнінен жасалған көрпе жеңіл әрі ауа өткізу қабілеті жо¬ғары болып келеді екен. Осылай¬ша жаңа өнімді нарыққа шы¬ғаруды қолға алған.
– Қазіргі таңда барлығы бизнесмен болғысы келеді. Бірақ оның артында үлкен еңбек тұрғанын ескермейді. Мен екінші топ мүгедегі бола тұра ауа райының суықтығы мен заттың ауырлығына қарамастан мына заттың барлығын Астанаға өзім көтеріп алып келдім. Сондағы менің мақсатым – халыққа таза әрі сапалы өнім ұсыну. Және осы мақсатыма адымдап келе жатырмын. Оған дәлел, қазіргі таңда шағын цехта өндірілген түйе жүн көрпелері қазір парламент мүшелерінің назарында, – дейді кәсіпкер И.Жұмашева.
Аралдық түйе жүнінен көрпе тігу ісін қолға алған кәсіпкердің өзінің табанды еңбегімен елдің арасында құрметке бөленіп жүрген жан екендігін де айта кетуіміз керек. Ол кәсіпкер ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдаушысы, аудандық мәслихаттың депутаты. Индираның түйе жүн көрпесі аталған көрме-байқаудың облыстық кезеңінде «Халыққа арналған үздік тауар¬лар» номинациясында жеңімпаз деп танылған.
Айта кету керек, «Ай-Аружан» тігін шеберханасы халық қажетін өтеп, көптің көңілін тауып отырған, заман көшімен ілгері басып келе жатқан Аралдағы бірден-бір шеберхана. Мұндағы сапалы қызмет пен мол таңдау аралдықтардың көңіл түкпірінен орын алған. Ол жаң өнім шығарып ғана қоймай, онысын халықаралық, республикалық көрмелерге қатыстырып, аудан мерейін өсіріп жүрген кәсіпкер.
«Толқын» ақпарат