Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда студенттерге арналған жатақхана ашылды

Аралда студенттерге арналған жатақхана ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Сыр елі, Қызылорда облысының 85 жылдығы мен  Арал ауданының құрылғанына 95 жыл толу мерейтойы аясында Арал қаласынан студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхананың ашылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған жатақхана Арал индустриалды-техникалық колледжі жанынан бой көтерді.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Сермағамбетов, Арал ауданының құрметті азаматтары Нәжмадин Мұсабаев пен Алашыбай Баймырзаев және ауданның құрметті  ардагерлері қатысты.
Студенттерге арналып салынған жатақхананың ашылу салнатына орай ұйымдастырлған шарада аудан басшысы С. Сермағамбетов сөз сөйледі.
– Құрметті жерлестер, бүгін ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өздеріңіздің қатысуларыңызбен жаңа заманауи жатақхананың ашылуына куәгер болып тұрмыз. Бүгін шәкірттерімізбен олардың ата-аналары үшін қуанышты күн. Себебі басты мәселе баспана мәселесінің оң шешімін табуы балаларымыздың еш уайымсыз жан-жақты білім алуына мол мүмкіндік бермек. Жас ұрпақтың біліміне салынған инвестицияның еселеп қайтатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Құндылықтар алмасып жатқан дәуірде білімнің орны өз биігінен төмендемек емес, - деп, келешек ұрпақтың игілігіне арнап салынған нысан берекелі орынға айналуына тілектестік білдірді.
Салтанатты шарадан соң аудан әкімі оқу орнының бүгінгі тынысымен танысып, жаңадан пайдалануға беріліп отырған жатақхананың ішін аралап көрді.
Айта кетейік, алдағы уақытта бұл жатақхана 75 студент енді баспана мәселесіне  алаңдамай, бар назарын білімге аударуына ептігін тигізбек. Жатақханадан гөрі «жайлы үй» деуге келетін ғимаратты көрген студенттерінің қуанышында шек жоқ. Әдемі аула, кең бөлмелер, заманауи жиһаздар, оқу және демалу аймақтары, студенттер шығармашылығына арналған орын, ас үй мен кір жуатын орындар – бәрі студенттер үшін жасалған. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді.
"Толқын" ақпарат

05 қараша 2023 ж. 818 0