Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелермен жүгінді.
Жұмсыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, тұрғын-үй мәселесі бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды алға тарта отырып, өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.
Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселемен жүгінген тұрғындарға да қажетті кеңестер берілді.
Жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу аудан әкімінің жауапты орынбасарларына жүктелді.
Айта кетейік, тұрғындар қабылдауға egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
11 қараша 2023 ж. 475 0