Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Онлайн және офлайн негізде өткізілген қабылдау барысында тұрғындардың басым бөлігі жұмысқа орналасу туралы қозғаса, кейбірі тұрғын үй мәселері бойынша өтінішін жеткізді.
Аудан әкімі келушілердің өтініштерін мұқият тыңдап шыққан соң, әрбір мәселеге жеке тоқталып, жауап берді.
Жұмыс мәселесімен жүгінген азаматтарға бүгінігі таңда аудан көлемінде бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, тұрғын-үй мәселесі бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды алға тарта отырып, өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.
Тұрғындар тарапынан айтылған сауалдар мен өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын айтты.
Айта кетейік, тұрғындар қабылдауға egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
07 шілде 2023 ж. 155 0