Елордада Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді

Сонымен, жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы аясында 8 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында Қызылорда қаласынан келген әртістер Ш.Айтматовтың «Жәмила» спектаклін қояды.

9 желтоқсан күні сағат 16:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты қойылым өтеді. Ал сағат 17:00-де Қызылорда облысының өнер майталмандарының гала-концерті басталады.
syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz