Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент адам құқықтары туралы Жарлыққа қол қойды

Президент адам құқықтары туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 8 желтоқсан

Сурет: egemen.kz
09 желтоқсан 2023 ж. 265 0