Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин Түркияға барып, автобус сатып алған шенеунікті сынға алды

Мамин Түркияға барып, автобус сатып алған шенеунікті сынға алды

Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің алқасы кезінде Асқар Мамин Түркияға барған облыс әкімінің орынбасары елге оралысымен түрік автобустарын сатып алғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
"2018 жылы әкімшіліктер қалааралық және облысаралық тасымал үшін 15 млрд теңге субсидия бөлген. Алайда бұл соманың 81 пайызы Алматы мен Астана әкімшілігіне тиесілі.Басқа аймақтар ақша бөлмейді немесе жеткіліксіз көлемде бөледі. Бұл көрсетілетін қызмет түрінің сапасын төмендетеді", - деді алқа алдында баяндама оқыған ИИД вице-министрі Роман Скляр.Бұған жауап ретінде Асқар Мамин түрік автобустарын мысал ретінде келтірді.
"Біздің ақпаратымызша, кейбір аймақ басшылары жеке демалыс үшін шетелге шығып, мысалы бір облыстың әкім орынбасары Түркияға демалысқа барып, келгеннен кейін түрік автобустарын сатып алуға келісімшартқа қол қойған.
Ал 200 шақырым жердегі көрші облыста бәсекелестікке қабілетті отандық өнеркәсіп тұр. Осыдан қорытынды жасай беріңдер", - деп мәлімдеді ол.
kaz.nur.kz
22 ақпан 2019 ж. 887 0