Президент 2024 жыл ерекше маңызды жыл болатынын атап өтті - депутат
Депутат Айгүл Қапбарова Президенттің “Егемен Қазақстанға” берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатын оқып шықтым. Расында да төтесінен қойылған сұрақтарға нақты әрі бүкпесіз жауап берген. Президент 2024 жыл ерекше маңызды жыл болатынын атап өткен. Себебі осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады. Осы жылдан бастап жаңа экономикалық үлгіге көшетінімізді, әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелерді шешуді жалғастыру басқа да стратегиялық мақсаттар баяндалған, - деді ол.
Сондай ақ ел ішінде әртүрлі көңіл күйдің ауанына себеп тудыратын мәселелерге сұхбатта нақты жауап берген.
Мәселен, Президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесеттің кейбір әлеуметтік желілерде тарап жатқанын және бұл рас па деген сауалға Президент бұл қауесеттің жалған екенін және бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайтынын айтты. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген делінген сұхбатта, - деді депутат.
Мемлекет басшысы бұл жәйтке қатысты басқа да тың ақпаратпен бөліскен.
Президенттік жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталаста айтып жүргенін, сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймағанын жеткізіпті. "Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам" деді Мемлекет басшысы, - деді ол.
Сурет: ашық дереккөз