Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария өзенінің деңгейі тұрақты бақылауда

Сырдария өзенінің деңгейі тұрақты бақылауда

Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Жұбановпен бірге  Сырдария өзені бойындағы ауылдық округтерде болып, дарияның қазіргі ахуалымен танысты.
Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Осыған орай жоғарыдан келетін  мол су көлемін тиімді пайдаланып, аудан аумағындағы көлдер мен Кіші Арал теңізіне жіберу бойынша Сыр бойындағы Аманөткел, Райым, Жетес би, Бекбауыл елді мекендеріндегі каналдар мен көлдердің жай-күйін қарап шықты.
Қазіргі таңда, Басықара су тоспасынан төмен қарай секундына 190 текше метр су түссе, Ақлақ су тоспасы арқылы Кіші Арал теңізіне 131 текше метр су жіберілуде. Сырдария өзенінің ахуалы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Фото: Арал ауданы әкімдігі 
06 қаңтар 2024 ж. 353 0