Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Алматыға барады

Президент Алматыға барады

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес Алматы қаласына барады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді», деп жазады Берік Уәли.

Фото: egemen.kz
23 қаңтар 2024 ж. 206 0