СУДАҒЫ ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖАЛҒАСУДА

Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған орман шаруашылықтары мекемесінің мамандары резертік қорда орналасқан "Ақбілек", "Төртқұлақ", "Қамыстықақ" және "Шұқыр-ой" көлдерінде балықтардың жаппай қырылу қауіпін алдын алу және судағы өзге тіршілік иелеріне оттегі жеткізу мақсатында үкі ою жұмыстарын жүргізді.
Үкі ою жұмыстарына 24 адам, 6 техника жұмылдырылып, барлығы 83 мұзойықтарын ойып, қамыс бауларын салу арқылы тіршілік иелеріне ауа жіберілді.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы