Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Бүгінгі күні, Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 авто көлік (584 жүк көлігі, 13 жолаушылар көлігі, 210 жеңіл көлік) және 1000-ға жолаушы тұрақталуда.
Қазіргі таңда, жолдың жабық болуына байланысты аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің, білім саласы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, әйелдер мен балалар аудан орталығындағы Арал индустриалды- техникалық колледжінің жатақханасына орналастырылды.
Сонымен қатар, екі мезгіл медицина қызметкерлері жолаушыларды аралап денсаулығына байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Жолаушыларға арналған жол бойы қызмет көрсету кешендеріндегі азық-түлік пен тамақ бағасы жергілікті әкімдіктің ұдайы бақылауында.
