Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Келешек» бағдарламасы биыл іске қосылады

«Келешек» бағдарламасы биыл іске қосылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде жалған дипломдарды анықтаудың жаңа тетігі енгізіліп жатқанын айтты.

«Келешек» бағдарламасы биыл іске қосылады. Заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізіліп, талқылаулар басталды. Парламенттің осы сессиясының соңына дейін талқылауларды аяқтауды тырысып жатырмыз. Сессия соңына (жаз айларында) дейін іске асырсақ, онда биыл қыркүйек айынан бағдарламаны жүзеге асыру басталады», - деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, балтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды.

«Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», - деді Президент.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
14 ақпан 2024 ж. 250 0