Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев мектептеріне ақша неге көп бөлінеді?

Назарбаев мектептеріне ақша неге көп бөлінеді?

Kyzylorda-news.kz. Назарбаев мектептеріне ақша неге көп бөлінеді? Бұл сұраққа "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин жауап берді, - деп хабарлайды 24.kz.

Жүргізушінің айтуынша, 2022 жылы 20 миллиардқа жуық ашқа бөлінген.

    "Қаржыландыру бойынша бірнәрсені түсінуіміз керек. Қазір бізде қаржыландыру екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт - мектептерге, оқушыға бөлінетін грант. Осы гранттарда мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамақтануы, коммуналдық шығындар және білім беру процесіне қажет құралдар сатып алу үшін қаражат қарастырылған", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл қаржыны азайтпау керек.

    "Көбейтудің де қажеті жоқ. Басқа орта білім беретін мектептермен салыстыру дұрыс емес, себебі бізде бағдарлама бөлек. Оқушыларымыз таңнан кешке дейін сабақтарда, сабақтардан тыс үйірмелер, қосымшалар. Осы барлық факторды ескеріп, артық ақша алмаймыз. Осы жұмсаған ақша жоғары халықаралық деңгейге жетугк мүмкіндік беріп отыр. Соны біз дәлелдеп отырмыз", - деді төраға.

Фото: kazbilim.kz
18 ақпан 2024 ж. 184 0