Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері талқыланды

Педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері талқыланды

Бүгін аудан орталығындағы №14 мектеп-лицейінде пән бірлестігінің секция отырысы өтті.
Жиында педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері мен білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бірлестік жетекшілері тарапынан қойылған сауалдарға Ереже талаптарының негізіне сүйене отырып жауаптар берілді.
Сондай-ақ қатысушыларға аудан мектептеріндегі білім сапасының (мұғалімдердің оқу-әдістемелік қызметтері, оқу қызметі, білім сапасындағы олқылықтар) көрсеткіштері бойынша бақылау шараларының қорытындылары таныстырылып, аттестаттау құжаттарын әзірлеу бойынша кеңестер берілді.

Арал аудандық білім бөлімі 
23 ақпан 2024 ж. 332 0