Қызылордада әлеуметтік жәрмеңке өтеді
Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шын мәнінде бұл айтулы мереке адам жанына ізгілік пен мейірім нұрын шашып, бір-бірімізге деген ыстық ықылас пен сыйластық пейілімізді, адамгершілік қасиетімізді асқақтата түседі.
Кең пейіліне кемеңгерлік рух сыйлаған, ерінбей еңбек еткен маңдай теріне молшылық бұйырған, ыстық жүрегіне ымырашыл ниет, жомарттық сезім ұялаған, сенімі жойылмаған салиқалы еліміз өркен жая бергей!
Жасампаздық жарқын істеріміз де, ізгі мұратқа жетелер жақсылық істерімізге айтар алғысымыз көп болсын.
Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша тату-тірліктің бастауы болған мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ - береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ