Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс – сөздің асылы

Алғыс – сөздің асылы

Арал аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті. Айтулы күн қарсаңында  ұйымдастырылған концертте аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан тұрғындарын «Алғыс айту күнімен» құттықтады.
«Алғыс айту мейрамы қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекеге айналды. Мыңжылдықтар жылнамасында Қазақ елін аман сақтап, тарихтың ақтаңдақтарында мемлекетіміздің іргесінің сөгілмеуі, Тәуелсіздіктің туының тіктелеуі осы ынтымақ пен бірлігіміз, бір-бірімізге деген сеніміміз бен тілектестігіміздің арқасы. Мен бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, ел үшін қызмет етіп жүрген жерлестерімізге және барлық саладағы еңбеккерлерге, жақсылықтың жаршысы болған Сіздерге риясыз алғысымды білдіремін»,- деп, аудан басшысы ізгі лебізін жеткізді.
Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген бір топ азаматтар марапат төрінен көрінді.  
Одан соң, шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасып, жиналған көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
02 наурыз 2024 ж. 374 0