Әріптес аруларға құрмет көрсетілді

Осы мерейлі мереке қарсаңында «Толқын» газеті редакциясының да ерлер ұжымы мекемедегі нәзікжандыларды шуақты мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-құрметін көрсетті. Қашанда қоғамның қалыпты өмірін қалт жібермай, ақпарат дайындауда және оны уақытылы оқырман назарына ұсынауда үлкен ұжымдық еңбек жатыр. Сол есіл еңбектің еншілесі саналатын нәзікжанды әріптестердің мерей тағы бір мәрте көтерілді.
Әр күнімізді мәнді әрі сәнді ететін аналар мен аяулы жандардың кіршіксіз ақ көңіліндей болған мерейлі мереке қарсаңында «Толқындықтар» Аралдың барша арулары мен ардақты жандарын мерекесімен құттықтайды. Көңілдеріңізді әрқашан кір шалмай, көктемнің шуақты күніндей жадырап-жайнап жүре беріңіздер!
Редакция