Аралда "Амал" мерекесі тойланды

Бүгін аудан орталығындағы «Домбыра» саябағында «Амал» мерекесі тойланды.
Шара «Ата толғау» күйі шертілген қойылымнан бастау алып, мың бұралған бишілер жиылған жұртқа «Шашу» биін тарту етті. Бір топ жыраулар, кимешек киген ақ жаулықты әжелер мен қыз, жігіттер халық әні «Беу айдайды» орындап, жиналған жұртшылықты қуанышпен қарсы алды.
Тағылымды шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев пен аудан ардагерлері қатысып, барша халықты амал мерекесімен құттықтады.
Айтулы мерекеде қыз баланың ұлттық дәстүрге сай тұсауы кесіліп, жиылған жұрт ұлттық тағам – Наурыз көржесінен дәм татты. Шара одан әрі спорттық сайыстар мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.



Фото: Арал ауданы әкімдігі