Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қадірменді ағайын!
Жер дүниені нұрға бөлеп, шуағын шашқан шырайлы көктеммен бірге келген Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құтты болсын!
Жер-ана қайта түлеп, күн мен түннің теңелер шағындағы шығыс халықтарының ұлы мерекесі әз Наурыздың әрқашан орны бөлек. Қазақ танымында бұл мереке Ұлыстың Ұлы күні саналғандықтан халқымыз осы бір сәтті айрықша күтетіні белгілі. Өздеріңіз білетіндей, бұл жолғы мерекенің мәні бөлек. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүріне сәйкес Наурызнама онкүндігі жарияланып, Көрісу күнінен басталған әр күн белгілі бір тақырыпқа арналуда. Бұған қатысты түрлі дәйектемелер нақтыланып, күні бүгінге дейін тұжырымдамаға сәйкес әр күннің маңызы айшықталып келеді. Мұны Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың өзі кешегі Атырауда өткен Құрылтайдың үшінші отырысында тілге тиек етті.
«Ең алдымен, мен баршаңызға Көрісу күні құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Ел арасында Көрісу күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасым- ды болары сөзсіз» деген болатын Президент.
Наурыз мейрамы – еңсесі биік елдіктің, бо- латтай берік бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы болып саналады. Халқымыз бұл кезеңді береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санаса, мерекені кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен өзара түсіністіктің мезеті деп бағалаған. 
Құрметті жерлестер!
Халқымыздың түсінігінде бұл кезеңде қазақ даласын Қызыр аралап, ырысы несібесі еселене түседі деген түсінік бар. Бұл әсте тегін айтылмаса керек. Ендеше ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтай түсетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы әрбір отбасыға қуанышы мен құтын, мызғымас бірлігі мен берекесін ала келсін! Қасиетті Рамазан айында ниеттеріңіз қабыл болып, тілектеріңіз орын- дала берсін! Халқымызды қуанышқа бөлейтін қасиетті мереке баршаңызға тағы да құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
21 наурыз 2024 ж. 184 0