Наурыз – жаңа саяси кезең бастауы
Аудандық орталық кітапханада 19 наурыз- Жаңару күніне орай «Наурыз – жаңа саяси кезең бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Осыдан бес жыл бұрын, 19 наурыз ел тарихындағы бетбұрысты күн болды, содан кейін біздің қоғамда түбірлі өзгерістер мен жаңару үрдісі басталды. Шын мәнінде, бұл –қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін еліміздегі жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістердің басы еді.
«Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.
Елімізде жаңару символдарының бірі – «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, оның аясында ел өмірінің түрлі салаларында оң өзгерістер жүзеге асып жатыр.
Сондықтан, саяси пайымға сүйенсек, Қазақстан үшін Наурыз мейрамы – қуаныш пен шаттық мерекесі ғана емес, сонымен қатар өткенді қайта қарау және болашаққа жоспар құру кезеңі.
"Толқын" ақпарат