Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Наурыз мейрамы – тарихы терең төл мерекеміз

Тоқаев: Наурыз мейрамы – тарихы терең төл мерекеміз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Наурыз мейрамына орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі кезінде айтты.

Қадірлі қауым, ардақты ағайын! Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - тарихы терең төл мерекеміз. Әз-Наурыз табиғаттың түлеп, тіршілікке нәр беріп, жаңару мен жаңғыртуға үндейді, - деді Президент.
Тоқаев кеше ғана халыққа Жолдауын жариялағанын атап өтті.
«Жаңа Қазақстанды» құруға жол ашатын бастамаларды ұсындым. Мұның бәрі елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың жалғасы. Біздің мақсатымыз – әділ қоғам құру, сонымен қатар халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанымызды мықты мемлекетке айналдыру, - деп айтты Мемлекет басшысы.

baq.kz​​​
18 наурыз 2022 ж. 486 0