Оралдық оқушылар "Қамбаш" балаларды сауықтыру орталығына орналастырылды

Бүгін түнде Арал аудандық білім бөлімі Қазалыдағы темір жол бекетінен Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен 103 баланы қарсы алып, (5-9 сынып оқушылары) Арал ауданындағы “Қамбаш” балаларды сауықтыру орталығына орналастырды.
Оралдық балалар бүгіннен бастап 10 күн бойы аталған орталықта білім мен тәрбие ғана алып қоймай, түрлі мәдени-сауықтыру шараларға қатысады. Сондай-ақ, ауданның тарихи мәдени орындарына экскурсия жасайды.
Мекемеде балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, офлайн оқу процесі, сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Қиын-қыстау кезеңде отандастарымызға көмек қолын созуға әрқашан дайынбыз!

Арал аудандық білім бөлімі