Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Бекбауыл ауылдық округінде болды

Аудан әкімі Бекбауыл ауылдық округінде болды

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Бекбауыл ауылдық округінде болды. Аудан басшысы Үкілісай, Бекбауыл, Құмбазар елді мекендеріне барып, жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өңірдегі оң өзгерістер жөнінде баяндап өтті.
Ауыл тұрғындары кездесуде балалар ойын алаңын салу, су ұңғымасын қазу, ауылішілік электр желілерін жаңарту қажеттігін айтты. Сонымен бірге, жол қатынасы қиындық тудыратынын, шабындық және егістік жерлерді суландыру мәселелерін реттеу керектігін жеткізді.
Жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған соң аудан әкімі аталған мәселелердің назарда болатындығын айтып, жауапты сала басшыларына тиімді шешілу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырмалар жүктеді. Электр желілерін жаңарту, елді мекен аралығындағы жол салу мәселелері кезектілігімен жасалатындығын түсіндірді.
Аудан әкімі сапар барысында ауылдардағы медициналық бекет пен дәрігерлік амбулаторияға бас сұғып, дәрігерлерге сапалы медициналық қызмет көрсету қажеттігін тапсырды.
Одан соң мектеп пен балабақшаларды аралап, білім беру мекемелеріндегі жұмыс барысымен таныс болды. Әлеуметтік нысандардың жағдайын көрген соң ғимараттарды талапқа сай пайдаланып, күтіп-ұстау жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 сәуір 2024 ж. 213 0