Аудан әкімі Серік Сермағамбетов тұрғындармен кездесті

Тұрғындармен кездесуде аудан басшысы барыс жылы жеткен жетістіктерді баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Теңізді өлкеде жыл көлемінде ауқымды істер атқарылды. Нәтижесінде 7 макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім орын алды. Индустрияландырудың ІІІ бесжылдығының аясында 1620 адамды жұмыспен қамтитын 162,2 млрд теңгенің 9 жобасын іске асырылу басталса, өткен жылы оның 3,6 млрд теңгенің 2 жобасы іске қосылып, 268 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 426 адамды қамтитын 7,3 млрд теңгенің 5 жобасын индустрияландыру картасына енгізу үшін қосымша жұмыстар жасалуда. Осындай жобалардың жүзеге асуы аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізуде»,- деді аудан әкімі С.Сермағамбетов.
Жиында аудан әкімі Серік Сағитжанұлы тұрғындарға аудандағы кәсіпкерлік саласының жылдан жылға даму динамикасының жоғары екендігін айтып, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар туралы да түсінідіріп өтті.
Жетес би ауылдық округінің тұрғындары мал жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру үшін су реттегіш қажеттігін көтерді. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі ауыл шаруашылығы бөліміне зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.
Ал, Райым ауылдық округінің тұрғындары емхана мәселесі мен электр желілерінің жаңғырту керектігін айтты. Аудан басшысы аталған сауалдар бойынша тиісті жұмыстар жасалынып жатқандығын, кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін негізгі жоспарға енгізілгендігіне тоқталды.
Бекбауыл елді-мекеніндегі кездесуде ауылдықтар балаларға арналған орталық керек екендігін, электр желілерін жаңғыртуды және су ұңғымасын салып беруді сұрады. Тұрғындар көкейіндегі мәселелерді саралап, қажетті шараларды атқару үшін тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеді.



"Толқын" ақпарат