Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік маңызы бар тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік күзет қызметі күні 2014 жылдан бері аталып келеді.
ҚР МҚК негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
күзетілетін нысандардағы және күзетілетін тұлғалар келетін тұратын жерлердегі мүлікті қорғау,
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
объектілерді және қорғалатын тұлғаларға төнетін қауіптерді анықтап, бейтараптандыру;
терроризмге қарсы іс-қимыл;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорғау.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz