Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмалар тиянақты орындалуы тиіс

Тапсырмалар тиянақты орындалуы тиіс

Аудан әкімі А. Оңғарбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте бітқатар өзекті мәселелер қаралып, жауаптыларға тапсырмалар жүктелді.
Атап айтар болсақ, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелту, құрылысы аяқталмай тұрған әлеуметтік нысандардың жағдайы, көктемгі әскерге шақыру жұмыстарын жандандыру, мамыр айында өтетін іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы алдымен жауаптыларға батыс өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелту мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ауданнан барған 42 адам, 8 техника жұмыс жасауда.
Бұдан бөлек, тиісті бөлім басшыларына ауданда салынатын тұрғын үйлердің және Ақшатау елді мекенінен бой көтеретін мектеп құрылысының, Қосжар, Қамыстыбас елді мекендеріндегі ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттарының сапалы жүргізілуін қадағалау, құрылысы аяқталмаған нысандардың жұмысын жалғастыру, денсаулық сақтау нысандарының газдандыру жұмыстарын аяқтауды бақылауға алу жүктелді.
Мамыр айында өткізілетін қоғамдық-саяси іс-шаралар жөнінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М. Марат хабарлама жасап, белгіленген мерекелік шараларды ұйымдастыру барысына тоқталды.
Аудан әкімі өткізілетін шаралардың идеологиялық мазмұнына жіті мән беріп, өз деңгейінде өткізілуі қажет екендігін айтты.
Мәжіліс барысында көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының көрсеткіштері төмен екендігі айтылып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы мен аудандық полиция бөлімі мен қала,кент, ауылдық округ әкімдеріне рейдтік шараларды күшейту, жастарға әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру тапсырылды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

24 сәуір 2024 ж. 206 0