Сыр еліне Швейцариядан арнайы PHD докторы Осама Али Махер келді
Үстіміздегі жылдың 15-19 сәуір аралығында халықаралық сарапшы, Швециядағы Лунд университетінiң PhD докторы Осама Али Махер Сыр өңіріне іс-сапармен келді.
Сапар барысында Phd докторының қатысуымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң білім алушылары мен қызметкерлеріне Біріккен Ұлттар ұйымының тұрақты дамуы мен қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайларды болжау және әрекет ету тақырыбында шеберлік сабақ өтті.
Сонымен қатар, аудан және қаладағы медициналық ұйымдардың төтенше жағдайға байланысты жауапты мамандарына семинар-тренинг өткізiп, ғаламдық экологиялық проблемалар, оның ішінде Арал өңірінің экологиялық ахуалы мәселелері бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті қызметкерлерімен, Арал өңірінің ардагер дәрігерлерімен, Ұлттық экспертиза орталығы Қызылорда облысының филиалы қызметкерлерімен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінiң ғалымдарымен кездесті.
Шара соңында колледж оқытушылары мен мекеме қызметкерлеріне халықаралық білім жетілдіру сертификаты табысталды.
Колледж әкімшілігі Осама Али Махерді 5 күндік сапарында қаламыздың мәдени-рухани орталықтары мен көрікті жерлерін аралатты. Қонағымыз облыстық өлкетану мұражайында болып, облыс тарихымен кеңінен танысты. Сондай-ақ, Түркі халықтарының рухани орталығы - Түркістан қаласында болып, көшпенділер тарихына қанығып қайтты.
Айта кетейік, доктор Осама Али Махердің жоспары бойынша жүргізген барлық кездесулерінде колледждің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары аудармашылық қызмет атқарып, шетелдік қонақтың көпшілікпен түсінікті байланыс жасауына қолдау білдірді.