Қызылордада «Қасым хан» тарихи сериалына кастинг өтеді

Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді.
«Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9 мыңнан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады», - дейді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.
Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап - қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.
«Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз!» – делінген хабарламада.
Жақын күндері кастинг келесі қалаларда өтеді (кастингке қатысу тегін):
Кұлсары (26 ақпан, Мәдениет үйі, 1-ші қабат, би залы (Махамбет көшесі 37, «Кең Жылыой» ауданы);
Тараз (26 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, ал 27, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін);
Торғай (27 ақпан - Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйі, 2 қабат, конференц-зал (с. Торғай, Қайнекей көшесі 9);
Атырау (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін, № 2 Орталық қалалық кітапхана (Балықшы ауылы,
Байжігітов көшесі 66 А);
Екібастұз (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін, «Өнер» Қалалық мәдениет орталығы (Әуезов көшесі 147);
Арқалық (28 ақпан және 1 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Мәдениет үйі, 1 қабат, 1-ші кабинет (Абай даңғылы 27);
Өскемен (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан, 01, 02 наурыз - қала тұрғындары үшін, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, 4 қабат, балет залы (Сәтпаев даңғылы 55);
Шымкент (01,02,03 наурыз - қала тұрғындары үшін, 04,05,06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін);
Түркістан (26, 27, 28 ақпан және 01 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02 наурыз - қала тұрғындары үшін, «Тұмар» сауда орталығы, 2 қабат (Тәуке хан даңғылы 301);
Ақтөбе (01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, Т.Ахтанов ат. Ақтөбе облыстық драма театры, кіші зал (Т. Ахтанов көш., 52);
Павлодар (01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, «Колос» балалар мәдени орталығы, үлкен зал (Астана көшесі 156);
Теміртау (01 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02 және 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, Мәдниет үйі (Республика даңғылы 38);
Астана (27, 28 ақпан, 01, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03, 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, Есіл өзені бойындағы Амфитеатр (Тұран даңғылы 2/6);
Қостанай (02 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 03 и 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, Омаров атнындағы Қазақ драма театры, 3 қабат, кіші зал (Тәуелсіздік көшесі 144);
Жаңаозен (04 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Теңге, «Атамұра» Мәдениет үйі (А.Керейұлы көшесі 41 А);
Семей (03, 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, 05, 06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, Мәдениет үйі, үлкен зал (Бауыржан Момышұлы көшесі 43);
Ақтау (02, 03 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 05 наурыз - қала тұрғындары үшін, 11 ықшам ауданы, «Юность» сауда орталығы, 2 қабат);
Жезқазған (04 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 05 наурыз - қала тұрғындары үшін, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музықалық драма театры (Сәтпаев көшесі 1);
Қызылорда (03, 04, 05, 06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 07 наурыз - қала тұрғындары үшін, А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйі (Қазыбек би көшесі 21);
Жетісай (07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, К.Жандарбеков ат. Жетісай драма театры им. (Қожанов көшесі 71);
Орал (06, 07наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 08 наурыз - қала тұрғындары үшін, Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығы (Әбілқайыр хан көшесі 183);
Көкшетау (06, 07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Неке қию сарайы, 1 қабат, 10 кабинет ( М.Ауезов көшесі 119/1);
Қарағанды (06, 07, 10 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 08, 09 наурыз - қала тұрғындары үшін С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы қазақ драма театры (Бұхар - Жырау даңғылы 25);
Петропавл (09, 10 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Жабаев көшесі 195);
Айта кетсек, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштаға жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөніңізді, жасыңызды, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз және кинодағы тәжірибиеңіз туралы) жолдауға болады.