Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің Отан қорғаушылар күніне арнаған құттықтауы

Облыс әкімінің Отан қорғаушылар күніне арнаған құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды  7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біз бұл күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне, еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұрған, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу» деген болатын.
Бүгінде Жоғарғы Бас қолбасшының тікелей бастамасымен Қарулы Күштеріміз айбынды армияға айналды. Отан қорғаушылар күнінде бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғайтын әскери қызметшілерге риясыз алғысымды білдіремін. Әскери борышты өтеу азаматтың бірінші кезектегі парызы екенін  түсінетін жас буын өсіп-жетіліп келеді. Оларға арманы асқақ, рухы өр ерлердің жолын берсін!
Еліміздің мәртебесі биік, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Елдің іргесі берік, бірлігі мығым болсын!
07 мамыр 2024 ж. 154 0