Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жалпыаудандық сенбілік жұмысы жүргізілді

Аралда жалпыаудандық сенбілік жұмысы жүргізілді

Кеше еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыаудандық сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында аудан аумағындағы су айдындары, бұлақтар мен каналдарға санитарлық тазалық жасалды.
Тазалық шарасына аудан тұрғындарымен қатар барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары түгелдей атсалысып, қоршаған ортаны көркейтуге  жұмылды. Сенбілік барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде ұйымдастырылуда.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған республикалық экологиялық акцияның «Мөлдір бұлақ» апталығы қорытындыланды.
Атап өтейік, бүгінге дейін акция аясында аудан бойынша 405 мекемеден 3500 адам үлес қосты, қоқыс жинауға 27 арнайы техника тартылды. Тазалық шаралары барысында 700 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
"Толқын" ақпарат
12 мамыр 2024 ж. 272 0